Жаңалықтар

ЖОСПАРЛЫ ЖҮКТІЛІК – ЕҢ ДҰРЫС ШЕШІМ

Жүктілікті жоспарлау – бұл болашақ аналыққа дайындалудың ең маңызды кезеңі. Сондықтан оған шыңдап қатынасу керек. Егер сіз өз серіктесіңізбен ата-ана болуға шешім қабылдасаңыз, онда сіздің өміріңіздегі ең жауапты кезеңге мұқият дайындалуыңыз керек. Сол дайындық екі бағытта жүргізіледі. Біріншіден, болашақ жүктіліктің жоспарлауына ағзаның дайындалуы маңызды, екіншіден, аналыққа психологиялық дайындық керек.
Жүктілік жоспарлауын бала біту жоспарлауынан жарты жыл бұрын дайындалу керек. Сол уақытта керекті анализдерді, маңызды тексерулерді өту қажет, сонымен қатар сіздің өміріңіздің тәртібін қайта құрған дұрыс. Алғашқысында әйелдер консультациясына немесе отбасын жоспарлау бойынша мамандарға жолығуыңыз тиіс, сонда сізге керекті тексерулерді тағайындайды. Осы тексерулерге, біріншіден генетикалық үйлесімділікке (ата-ана тапсырады) қан тапсыруы жатады, АИД қан тапсыруы, гепатитке және басқа да ауруларға тапсыру керек. Сонымен қатар, жыныстық жұқпалы ауруларға керекті тексерулер – хламидиоз, уреплазмоз, стрептококк, трихомониаз, гонорея және т.б. ауруларға тапсыру қажет. Егер қандай болса ауру анықталса, содан керекті ем алу қажет, негізінен әр жұқпалы ауру іштегі нәрестеге қауіпті. Сондай-ақ, қызымақ, герпес,токсоплазмоз сияқты, жұқпалы ауруларға антиденелер анықталады. Керек кезінде екпе (қызымақтан)немесе ауруының емделуі қажет.

Міндетті түрде сізге терапевт, тіс дәрігері, көз дәрігерінен және басқа мамандардан консультациядан өту керек. Ішперде қуысы және кіші жамбас УДЗ (УЗИ) өткен абзал.

Керекті медициналық тексерулер және анализдерден басқа, болашақ ананың жалпы ағза жағдайына қамқорлық аса керек-ті. Ол үшін өмір жайын өзгертіңіз. Ашық ауада болып, ұзақ демалуға тырысыңыз. Компьютер алдында отыруын қысқартыңық, көп қимылдаңыз. Жүктілік басталуына дейін белсенді спорт түрлерінен бас тартуыңыз қажет емес. Күн тәртібін міндеті түрде сақтаңыз. Ұйқы міндетті түрде 8 сағаттан аз емес болу керек. Дұрыс тамақтану қажет.
2024-08-20 16:26