Жаңалықтар

АСТАНА ӘМСҚ ФИЛИАЛЫ ҮШ ЖЕКЕ КЛИНИКАНЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорының елордалық филиалы аванстау тәртібіне енгізілген өзгерістерді түсіндіру мақсатында медициналық қызмет көрсетушілермен кездесуді жалғастыруда. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін елорданың 145 медициналық ұйымының бірінші басшыларымен және орынбасарларымен жалпы кездесу өткізілген болатын.

Бүгін филиал делегациясы "Жанұя", "Uly dala clinic" клиникаларына және отбасылық дәрігерлер клиникасына жеке барып, басшылықпен бекітілген халыққа сапалы және уақтылы медициналық қызмет көрсету, қаржылық тұрақтылық және аванс беру мәселелерін тағы да талқылады.

Медициналық ұйымдарға бару шеңберінде өздерінің материалдық-техникалық жарақтандырылуын көрсетті, штат саны мен тар мамандардың болуын атап өтті, Халықпен жұмыс барысында кездесетін проблемалық мәселелермен, оның ішінде пациенттерді қолдау қызметтері арқылы бөлісті.

Тараптар МӘМС жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында бір-бірімен тұрақты диалогта қалуға және өзара іс-қимыл жасауға уағдаласты.